Шакшанова Альмира Мұратқызы

Шакшанова Альмира Мұратқызы

Медицинада жұмыс істеу – адамдарды күнделікті құтқару. Клиникалық трансфузиологтың жұмысы көбінесе ауыр ауруларда, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда қолданылатын компоненттерді немесе қан препараттарын құюды қажет ететін пациенттерге уақтылы көмек көрсетумен байланысты.

Шакшанова Альмира Мұратқызы өзінің дәрігерлік қызметін 2010 жылы №2 Катонқарағай аудандық ауруханасында трансфузиологиямен байланыстырды. Аудандық ауруханада жұмыс істей отырып, хирургиялық араласу кезінде пациенттерге, атоникалық қан кету кезінде босанатын әйелдерге, созылмалы қан аурулары (анемия) бар пациенттерге трансфузиялық көмек көрсетті, осылайша олардың өмірін сақтап қалды.

2015 жылы Альмира Мұратқызы өзінің еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында трансфузиолог дәрігер лауазымында жалғастырды, осы мамандық бойынша жалпы еңбек өтілі 12 жылды құрайды.

Кәсіби еңбегі мен жауапты еңбегі үшін 2016 жылы өнім беру тобының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Оның қызметі,тұтастай алғанда,стационарлық көмек көрсететін ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз қан компоненттерімен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, Альмира Мұратқызы Денсаулық сақтау ұйымдарының трансфузиология кабинеттерінің мамандарына, басқа мамандықтардың дәрігерлеріне күн сайын консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді, трансфузиялық терапия және оның баламалары мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізеді, демалыс және мереке күндеріне қарамастан күндіз де, түнде де олармен байланыста болады. Осы лауазымда жұмыс істеген уақытында ол өзін өз ісінде кәсіби маман ретінде көрсетті, тәуліктің кез келген уақытында көмекке келуге дайын. Оның еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілеті назардан тыс қалмады, ал 2020 жылы Альмира Мұратқызы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың жемісті еңбегі мен денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды.

Альмира Мұратқызына өмірін осы маңызды мамандыққа арнағаны үшін алғыс айтамыз және Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Сіздің жұмысыңыз тек қуаныш әкелсін. Сізге зор денсаулық, төзімділік пен күш қайрат және отбасыңызға бақыт тілейміз.

Жақсылық бізді біріктіреді!Қымбатты донорларымыздан алғыс сөздер келіп түсуде

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33