«Шығыс – Сүт» корпорациясы

«Шығыс – Сүт» корпорациясы

2023 жылғы 04 қазанда «Шығыс – Сүт» корпорациясында донорлар күні өтті. Бұл күні корпорацияның 35 қызметкерлері ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосыла алды.

«Біздің «Шығыс – Сүт» корпорациясында облыстық қан орталығымен бірлесіп қайырымдылық донорлық акциясы өтті. Акция донорлық қанды қажет ететін науқастарға көмектесуге бағытталған. Кәсіпорында жүргізілген бірқатар сауалнамаларға сәйкес, кәсіпорын қызметкерлерін осындай акцияларға қатысуға итермелейтін негізгі себептер-қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Тағы бір маңызды себеп-донорлық салауатты өмір салтын сақтауға ықпал етеді. Осындай маңызды күнде біздің ұжымның көпшілігі осы акцияны қолдап, қан тапсырғанына өте қуаныштымыз!» – деп атап өтті «Шығыс – Сүт» корпорациясының қызметкерлері.

Құрметті донорлар тапсырған донорлық қан үшін Сіздерге көп рахмет айтамыз! Кәсіпорынға одан әрі өркендеу, ал Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

Тромбоциттер донорлығыАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІГЕР КҮНІ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33