«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да төтенше жағдай кезінде дабыл түскен жағдайда персоналдың іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Негізгі мақсат — қызметкерлердің ішкі регламенттерді білу деңгейін, жедел жиналу кезінде іс-әрекеттерінің нақтылығы мен үйлесімділігін тексеру. Жаттығу барысында хабарландыру алгоритмі, қызметкерлердің келу тәртібі және міндеттерді бөлу жүйесі пысықталды.
Қан орталығының қызметкерлері жоғары жауапкершілік деңгейін және кез келген жағдайда қан қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудегі өз рөлінің маңыздылығын нақты түсінетіндерін көрсетті. Дабыл жарияланған сәттен бастап 50 минут ішінде қызметкерлердің 95%-ы жиналу орнына келді, бұл ұжымның жедел әрекет етуге жоғары дайын екенін айқын дәлелдейді.
Осындай іс-шаралар бізге сенімділік береді: кез келген жағдайда біз адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жедел, ұйымдасқан және кәсіби түрде әрекет етуге дайынбыз.


