ШҚО-дағы трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы

ШҚО-дағы трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы

2026 жылғы 09 мамырда ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-де (бұдан әрі – ШҚОҚО) трансфузиология мәселелеріне арналған кезекті облыстық конференция өтті.
Конференция жұмысына өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология саласының мамандары, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлері мен бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысты. Конференция гибридті форматта – аудиториялық және онлайн-трансляция түрінде өткізілді. Бұл өз жұмыс орындарында отырған мамандарға іс-шараға қашықтан қатысуға мүмкіндік берді.
Конференцияны Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жигитаев Төлеген Хайроллаұлы ашып, облысымыздың денсаулық сақтау жүйесіндегі қан қызметінің маңыздылығын атап өтті. Басқарма басшысы пациенттерге көрсетілетін трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.
Конференция барысында Қан орталығының директоры Шмурыгина Светлана Александровна 2025 жыл қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарындағы трансфузиялық көмекке жүргізілген сыртқы мониторинг нәтижелерін таныстырды. Баяндамада трансфузиялық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, құжаттаманы жүргізу талаптарын сақтау, кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ трансфузиялық терапияның сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, конференция шеңберінде созылмалы анемия кезіндегі трансфузиялық терапия, гемокомпоненттердің жапсырмаларында QR-кодтарды енгізу, денсаулық сақтау ұйымдарында трансфузиялық көмекке мониторинг жүргізу, сондай-ақ иммуногематологиялық зерттеулер үшін қан үлгілерін жинау және тасымалдау мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізген ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді. Осындай кездесулер кәсіби қарым-қатынас орнатудың, білім мен үздік тәжірибелермен алмасудың маңызды алаңы екені, сондай-ақ ШҚО – да трансфузиологиялық көмекті одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында медициналық қауымдастық күш-жігерін біріктіруге ықпал ететіні атап өтілді.
2026 жылғы 12 маусымда өткен донорлық акция мен мерекелік іс-шара біздің әлеуметтік серіктестеріміздің қолдауының арқасында жүзеге асты.Құрметті шығысқазақстандықтар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33