ШҚО-да медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және AQNIET денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподағының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Теннис орталығында өтіп, өңірдегі медициналық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері бағдарламаның алғашқы түрі — үстел теннисі (пинг-понг) жарысына белсенді қатысты. Әріптестеріміз тамаша реакция, сабырлылық және командалық бірліктің үлгісін көрсетті.
Бұл күні команданы қолдауға біздің символдық «Қан тамшысы» да келіп, мерекелік көңіл күй сыйлап, қатысушылар мен жанкүйерлердің рухын көтерді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қан орталығының жанкүйерлері іс-шара қонақтарына қан донорлығы туралы ақпараттық брошюралар таратып, бұл игі істің маңыздылығы мен мәнін тағы бір мәрте еске салды.
Алда қатысушыларды шахмат, шағын волейбол, шағын футбол және арқан тарту секілді жаңа спорттық сайыстар күтіп тұр.
Спартакиада — бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар командалық рухты нығайтуға, бір-біріне қолдау көрсетуге және жағымды эмоциялар алуға тамаша мүмкіндік. Барлық қатысушыларға жарқын жеңістер мен лайықты нәтижелер тілейміз!

