ШҚО қан орталығы оқушыларды «Сүйек кемігі донорына рахмет» атты байқауға шақырады!

ШҚО қан орталығы оқушыларды «Сүйек кемігі донорына рахмет» атты
байқауға шақырады!
Халықаралық сүйек кемігі донорлары күні қарсаңында, құрметті 5-11 сынып
оқушылары, Біз Сіздерді сүйек кемігі донорларына алғыс хаттары бар
жалпыреспубликалық Ашық хаттар конкурсына қатысуға шақырамыз.
Сіздердің міндеттеріңіз – үміт сыйлайтын және өмірді сақтайтындарға
ризашылық сөздерін білдіру арқылы ашықхат (сурет, коллаж, аппликация немесе
аралас жұмыс) жасау.
Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 08-15 қыркүйек аралығында.
Онлайн дауыс беру: 2025 жылдың 15-18 қыркүйегі, қан орталығының Instagram
желісінде.
Финал: 2025 жылғы 19 қыркүйек- жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау
және барлық ашық хаттар көрмесі.
Соңында естелік сыйлықтар мен дипломдар алатын 3 жеңімпаз анықталады.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттар алады.
Ашық хаттарды/суреттерді тапсыру мекенжайы: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ
көшесі, 11, ШҚО қан орталығы, тіркеу орны.
Жұмыстарыңызға: аты-жөні, мектебі, сыныбы және байланыс нөмірін жазуды
ұмытпаңыздар.
Сіздің ашықхатыңыз сүйек кемігі донорларына алғыс белгісі болсын! ГДЖ
донорлығы туралы толық ақпаратты біздің парақшадан немесе сілтеме бойынша өту
арқылы көруге болады…

