ШҚО қан орталығы қан донорлығын және ГДЖ дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізеді

ШҚО қан орталығы қан донорлығын және ГДЖ дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізеді

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы өңірде өтеусіз қан донорлығын және гемопоэздік дің жасушаларының донорлығын дамытуға арналған дөңгелек үстел өткізілетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара барысында өзекті мәселелер қаралатын болады:

-Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығының жай – күйі мен даму
перспективалары;

– ауыр ауруларды емдеуге арналған гемопоэздік дің жасушаларының донорлығының маңызы;

– қолданыстағы киындықтар және оларды шешу жолдары.

Донорлық қозғалысты дамытуға белсенді қатысуға ниет білдірген бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысуға шақырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – донорлықты насихаттау, халықтың хабардарлығын арттыру және өтеусіз көмек көрсету мәдениетін нығайту үшін қан орталығының, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ-ның күш-жігерін біріктіру.

Өткізу күні: 12.09.2025 ж. сағат 14:00-де.

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы, Көкжал Барақ көшесі, 11.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыс тұлғасы: Кулиманова Сандугаш Муратовна, донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Тел. : 87774968020

(RU) 04 қыркүйекте ШҚО мамандандырылған медициналық орталығында донорлық күн өттіШҚО қан орталығы оқушыларды «Сүйек кемігі донорына рахмет» атты байқауға шақырады!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33