ШҚ ОҚО қабырғасында өткен Донорлық сенбі
Өмір! Әр адам үшін қымбат және баға жетпес не болуы мүмкін? Өмір-Құдай бізге берген ең жақсы сыйлық. Әр адам өз өмірін әр түрлі жолмен өткізеді, өз жолын таңдайды, құндылықтарымен, идеяларымен өмір сүреді, сезім мен ақылының үнің тыңдайды. Алайда, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастар сияқты өмір үшін күресуге тура келетін кездер болады.
Бүгін, 2024 жылдың 27 қаңтарында облыстық қан орталығында донорлық сенбілік өтті. Бұл күні қан тапсыру үшін «ҮМЗ» АҚ жастар бірлестігінің өкілдері корпоративтік мәдениет бөлімімен және «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметімен бірлесіп және «Қазмырыш» ЖШС компаниялары жастар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ жұмыс күндеріне байланысты қан тапсыра алмаған қаламыздың азаматтары келді.
Донорлық қозғалыс адамдардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, өз қанын тапсыру арқылы басқалардың өмірін сақтап қалуға тырысатын, басқаларға ерікті және өтеусіз қан беру шынайы адамгершілік әрекет екенін түсінетін барлық адамдарды біріктіреді!
Өскемен қаласының өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын тұрғындарына және тұрақты донорларға науқастардың өмірі үшін қан тапсырғандарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Демалыс күніңе қарамастан, бүгін облыстық қан орталығына келгендеріңізге үлкен рахмет айтамыз. Бұл кез келген уақытта қан орталығының жалғыз емес екенің, әрқашан донорлардың қолдайтынын көрсетеді!