«Jusan Bank» АҚ – ның тарту еткен қымбат сыйлығы

«Jusan Bank» АҚ – ның тарту еткен қымбат сыйлығы

Бүгін, 2023 жылғы 26 сәуірде «Jusan Bank» АҚ ұжымы туған күнін атап өтеді.

2019 жылдың осы күні «Цеснабанк» АҚ 1992 жылдың 17 қаңтарында тіркелген атауын «First Heartland Jýsan Bank» АҚ деп өзгертті. Бүгінгі таңда Jýsan Bank Қазақстанның 22 өңірінде 119 бөлімшесі жұмыс істейді.

Мұндай күні Өскемен филиалының директоры Федоренко Ольга Валерьевна бастаған «Jusan Bank»АҚ ұжымы «Jýsan мүмкіндіктер аллеясы» акциясымен қан орталығына келді. Бұл акцияның мақсаты – туған қаладағы экологияны жақсартуға үлес қосу. Акция барысында қан орталығының аумағында біздің климаттық жағдайларға бейімделген 30 шырша көшеті отырғызылды.

Айта кету керек, Ольга Валерьевна да қан доноры. Ол сирек кездесетін және әмбебап О (I), теріс резусты қан тобының иесі – алайда, жұмыс бастылығына қарамастан қан құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін әрқашан қан тапсыруға уақыт табады.

Облыстық қан орталығының басшылығы «Jusan Bank» АҚ ұжымына осындай тамаша сыйлық үшін шын жүректен алғысын білдіреді және кәсіпорын қызметкерлері осы жасыл желектердің жақсы тамыр жайып, қан орталығының аумағын ұзақ жылдар бойы көркейтіп, ұжымды, донорлар мен келушілерді қуанту үшін бар күш-жігерін салады деп сендіреді.

«Jusan Bank» АҚ туған күнімен құттықтаймыз! Банкке ұзақ жылдар бойы тұрақты табыс, сенімді қызмет, өркендеу, клиенттердің сенімінің ақталғанын тілейміз! Барлық қызметкерлерге денсаулық пен күш қуат, сондай-ақ жоғары кәсіпқойлық, жеке өмірлеріне бақыт және амандық тілейміз!

Облыстық қан орталығына «Халық-Life» АҚ қызметкерлері келдіҚан орталығы экологиялық тазалықты қолдайды!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33