«Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорны» ЖШС ұжымында алғаш рет қан донорлығы туралы дәріс өтті

«Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорны» ЖШС ұжымында алғаш рет қан донорлығы туралы дәріс өтті

«Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорны» ЖШС ұжымында қан донорлығы
туралы алғаш рет ақпараттық кездесу өтті.
Бүгін кәсіпорында алғаш рет қан мен оның компоненттерінің өтеусіз
донорлығына арналған ақпараттық- ағартушылық дәріс өтті.
Дәрісті Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты қан
донорлығына тарту жөніндегі маманы және Өскемен қалалық «Қазақстан болашағы
үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Мира Мустафина өткізді. Ол кәсіпорын қызметкерлеріне донорлықтың маңызы, донорларға қойылатын талаптар,
донацияның кезеңдері және қанды тұрақты тапсырудың күн сайын адам өмірін
сақтап қалудағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Әңгімелесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бұрыннан бері қан
мен оның компоненттерінің өтеусіз доноры болып жүрген жандардың көп екені
белгілі болды. Олар үшін донорлық – игі дәстүрге айналған әрі жоғары әлеуметтік
жауапкершіліктің көрінісі. Пациенттерге көрсетілетін көмектің маңызын терең түсіне
отырып, олар қан орталығына тұрақты түрде келіп, донорлық қозғалысқа өз үлестерін
қосып келеді.
Осындай кездесулер халықтың донорлық туралы хабардарлығын арттырып қана
қоймай, ерікті донорлық мәдениетін де нығайтады. Олар адамдарды бір игі
мақсаттың – адам өмірін сақтап қалудың жолында біріктіреді.
«Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорны» ЖШС-нің басшылығы мен ұжымына
жылы қабылдауы, белсенді азаматтық ұстанымы және донорлық қозғалысты
қолдағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл алғашқы кездесу ұзақ
мерзімді әрі жемісті ынтымақтастықтың бастамасы болады деп сенеміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құтқарылған өмірге деген алғыс – донорлықтың мәніДонорлық күнтізбе: 2026 жылғы тамыз айына арналған іс-шаралар

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33