Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамы вице-президентімен кездесу

Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамы вице-президентімен кездесу

Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының вице-президенті Айгүл Аргынгазиевна Кумашеваның Қоғам еріктілерімен және серіктестерімен кездесуі өтті. Кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының басшылығының өкілдері де қатысты.
Сапардың мақсаты — Қызыл Жарты Ай қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметіне мониторинг жүргізу, жұмыстың өзекті бағыттарын талқылау және серіктестермен өзара ынтымақтастықты нығайту.
Облыстық филиал қызметінің маңызды бағыттарының бірі — өтеусіз қан донорлығын дамыту. Кездесу барысында жаңа донорларды тарту, халықтың донорлықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және өңірдегі донорлық қозғалысты дамытудағы еріктілердің белсенді рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Облыстық қан орталығының өкілдері қоғамдық ұйымдардың, медициналық мекемелердің және еріктілердің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Өйткені күш-жігерді біріктіру ерікті донорлық мәдениетін қалыптастыруға және медициналық ұйымдарды қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтеусіз донорлық — мейірімділіктің, адамгершіліктің және ынтымақтастықтың көрінісі. Әрбір қан тапсырудың артында біреуге үміт сыйлау, денсаулығын сақтауға көмектесу және ең қымбат құндылық — өмірін сақтап қалу мүмкіндігі тұр.
Өмір үшін бірге! Игілік үшін бірге!

Курметті ТҰРҒЫНДАР!Қазақстан Республикасы күнімен!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33