Қайырымдылық-бұл адамға ғана тән таңғажайып қасиет!
2023 жылғы 21 қыркүйекте алғаш рет «Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменті» ММ-де донорлық күн өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті жанындағы “Еріктілер кеңесі” консультативтік-кеңесші органының жұмыс жоспары шеңберінде өтті.
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, көмек көрсету.
«Біз адамдар, бір — бірімізге қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасай аламыз!» – деп атап өтті мемлекеттік қызметшілер.
Облыстық қан орталығының басшылығы акцияның барлық қатысушыларына жауапкершіліктері мен жасап жатқан игі істері үшін алғыс білдіреді! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Авторы: Мустафина М.А.