«Қан – барлығын біріктіреді!»

«Қан – барлығын біріктіреді!»

Бүгін «Сорбент» ЖШС және «Алтай геологиялық-экологиялық институты» ЖШС-нің 20 қызметкері өз бастамаларымен «Қан-барлығын біріктіреді!» атты ұранмен қайырымдылық акциясымен қан орталығына келді.

Акцияның мақсаты-өтеусіз қан тапсыру, сол арқылы қанға мұқтаж адамдарға денсаулық сыйлау.

«Біз қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың денсаулығын жақсарту үшін көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Ең бастысы, біз осындай игі іске қатыса отырып, басқа ұйымдарға үлгі болғымыз келеді. Қан арқылы біз бәріне оптимистік көзқарасты жеткізгіміз және сауығып кету үшін үлкен жарқын махаббат тамшысын сыйлағымыз келеді!»- деп атап өтті «Сорбент» ЖШС – нің қызметкерлері.

Өз кезегінде қан орталығының басшылығы «Сорбент» ЖШС мен «Алтай геологиялық-экологиялық институты» ЖШС-нің барлық үлкен ұжымына ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша, атқарылып жатқан бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Қан тапсырған барлық донорларға бастамашылдығы мен бейтаныс адамдардың өмірін сақтап қалуда көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

Авторы: Мустафина М.А.

Бақылау кеңесінің оң шешімдеріКүту парағы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33