Қан донорлығы білімнен басталады, ал үлкен қайырымдылық көмектесуге деген ниеттен басталады!

Қан донорлығы білімнен басталады, ал үлкен қайырымдылық көмектесуге деген ниеттен басталады!

13 қарашада «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де жоғары сынып оқушыларына қан донорлығы туралы танымдық дәріс өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларды донорлықпен таныстыру, оның денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы туралы айтып беру және жас ұрпаққа әр адамның өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға қосатын үлесі қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

 

Оқушылар алдында халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман, «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер үйлестірушісі Мира Мустафина сөз сөйледі.

Кездесу барысында оқушылар донорлық қан кімдерге және қандай жағдайларда қажет болатынын, кімнің донор бола алатынын және ерікті, өтеусіз донорлықтың неліктен ерекше құндылыққа ие екенін білді.

 

Мұндай кездесулер жастардың айналасындағы адамдарға жанашырлықпен қарауын қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге және көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын болуына ықпал етеді.

Бүгінде оқушылар донорлықпен енді ғана танысып жүр, ал ертең қажетті жасқа толып, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, өздері де донорлар қатарына қосылып, біреуге сауығып кетуге мүмкіндік сыйлауы мүмкін.

 

Өйткені донорлық мәдениеті түсіністіктен басталады, ал өмірді құтқаруға деген ниет ізгі жүректен бастау алады!

Кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, өтеусіз донорлық тақырыбына назар аударғаны үшін мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына алғыс білдіреміз!

 

Донор күніҮздіксіз білім алу — кәсібиліктің кепілі!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33