Қан орталығындағы Волонтёр күні!
Бүгін, Халықаралық волонтёр күніне орай, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына Өскемен қаласы әкімдігіне қарасты КҚҚ «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері келді.
Бұл күн бүкіл әлемде басқаларға қайтарымсыз көмек көрсететін жандарға арналады. Волонтёрлер өз үлгісімен шабыттандырады, бірлікке шақырады және бір ғана қайырымды әрекет біреудің өмірін өзгерте алатынын еске салады.
Волонтёр күніне орай Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері донорлық қозғалысты қолдап қана қоймай, қан тапсырып, құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсетті. Мұндай қадам — жауапкершілік пен мейірімділіктің жарқын үлгісі.
Қонақтарға белсенді өмірлік ұстанымы, қолдауы және ерікті донорлықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз! Бірге біз игі өзгерістер жасаймыз!


