Қан орталығы белсенді және бей-жай қарамайтын еріктілерді, ең алдымен жоғары оқу орындарының, колледждердің және жастар ұйымдарының студенттерін ынтымақтастыққа шақырады.
Бүгінде Қазақстандағы донорлық қозғалыс қарқынды дамуда, алайда еріктілердің қолдауы әлі де қажет. Донорлық акцияларды ұйымдастыруға қатысуға, халықты қан тапсырудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруға және донорлармен жұмыс істеуге көмектесуге дайын бастамашыл көмекшілер жетіспейді.
Еріктілер:
1) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге,
2) донорлық іс-шараларды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге,
3) жаңа донорларды тартуға,
4) әлеуметтік желілерде донорлық туралы ақпарат таратуға,
5) әлеуметтік желілерде донорлық туралы ақпарат таратуға қатыса алады.
Бұл:
1) өмірді құтқаруға нақты үлес қосуға,
2) құнды тәжірибе мен дағдыларды алуға,
3) маңызды әлеуметтік қозғалыстың бір бөлігі болуға,
4) өз ойлары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік.
Егер сіз студент, белсенді немесе жай ғана адамдарға көмектескіңіз келсе — бізге қосылыңыз! Еріктілік мәселелері бойынша халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман Мустафина Мира Ақылбековнаға 87057520964 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Мүмкін, дәл сіздің көмегіңіз біреудің өмірін құтқаруға себеп болар.


