Қызықты деректер: неге қанды аты жоқ саусақтан алады?»

Қызықты деректер: неге қанды аты жоқ саусақтан алады?»


Біздің әрқайсымыз өмірімізде кем дегенде бір рет ауруханада талдауға қан тапсырғанбыз. Бұл
ретте қан талдауы ең маңызды, қарапайым және ақпараттық тұрғыдан ең тиімді зерттеу болып
саналады.
Сіз байқаған боларсыз: қан талдауы үшін көбіне аты жоқ саусақ қолданылады. Ал мамандар неге
дәл осы саусақты таңдаған?
Сіз кабинетке кіресіз: онда медбике отырады, ол сіздің саусағыңызды алып, аты қорқынышты
құрал – скарификаторды шығарады да, бір жеңіл қимылмен сіздің «қымбат», бірақ аты жоқ
саусағыңызды теседі. Аздап қысып-жібергеннен кейін түтікшелер сіздің қаныңызға толады, ол
талдауға қолданылады. Мұндай талдауға көп уақытта кетпейді. Бірақ аз ғана адам неге осы
мақсатта әрдайым бір ғана саусақ қолданылатыны туралы ойланады.
Шын мәнінде, медицина қызметкерлері бұл мақсат үшін аты жоқ саусақты кездейсоқ емес, нақты
себеппен таңдаған. Бұл жөнінде тіпті қатаң нұсқаулықта бар, оның негізі дәлелді себептерге
сүйенеді.
Негізгі себеп – қауіпсіздік. Себебі терінің кез келген зақымдануы жұқпаның енуіне әкелуі
мүмкін, ал осы тұрғыдан алғанда қол-аяқ мүшелері ең осал аймақтардың бірі болып саналады.
Сонымен қатар, медициналық тұрғыдан жұқпалық процесті саусақтар мен аяқ-қолдарда
шектеу салыстырмалы түрде оңай.
Екінші себеп – зерттеулерге сәйкес, дәл аты жоқ саусақта тіндердің жазылу үдерісі жылдамырақ
жүреді. Бұл да жұқпаға жұғу қаупін азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл саусақ шын
мәнінде қолдағы ең аз қолданылатын, «ең аз жүктеме түсетін» саусақтардың бірі болып саналады.
Үшінші себеп – бұл саусақта тері әдетте жұқалау келеді, сондықтан ол оңай тесіледі және тез
жазылады. Дәл осы факторлардың жиынтығы аты жоқ саусақтың талдауларға қатысты тағдырын айқындайды.

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!Өскемен экономика және техника колледжінде жастар арасында өтеусіз қан донорлығы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қан донорлығы тақырыбында танымдық дәріс өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33