Қымбатты, аяулы, баға жетпес нәзік жанды арулар!
Қымбатты, аяулы, баға жетпес нәзік жанды арулар! Көктемнің алғашқы, шуақты да жарқын 8 -наурыз мерекесімен! Әр күндеріңіз қуанышқа, шаттық пен жылулыққа толы болсын. Сіздер -барлық ғаламды әсемдікпен нұрландырған, жігерлі де нәзік жансыздар. Көктем сіздерге асыл армандар, шынайы сезімдер мен керемет мүмкіндіктер сыйласын. Бақытты болыңыздар, қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді ұмытпаңыздар! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін алғыс айтамыз! және мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!