Құрбан айт қасиетті мерекесі мен Қазақстан полициясы күні қарсаңында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері донорлық акцияға қатысып, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсету мақсатында қан тапсырды.

Құрбан айт қасиетті мерекесі мен Қазақстан полициясы күні қарсаңында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері донорлық акцияға қатысып, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсету мақсатында қан тапсырды.

Полиция қызметкерлері адам өмірінің қадірін ешкімнен артық білмейді. Олар күн сайын
көмекке бірінші болып келіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайды, қайғы мен
алаңдаушылыққа толы, әр минуты маңызды жағдайлармен бетпе-бет келеді. Сондықтан да олар
адам өмірін сақтап қалуда донорлық қанның қаншалықты маңызды екенін ерекше жақсы түсінеді.
Бүгін погон таққан жандар қоғамға қызмет ету – тек қызметтік міндетті орындау ғана емес,
сонымен қатар үлкен жүрек пен жанашырлықтың белгісі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олардың
тапсырған қаны ауыр дертке шалдыққан науқастарға, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге,
онкологиялық аурумен күресіп жүрген жандарға және донор көмегіне мұқтаж барлық адамдарға
үміт сыйлайды.
Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамына белсенді азаматтық
ұстанымы, жанашырлығы және Шығыс Қазақстан облысындағы донорлық қозғалысты қолдағаны
үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің игі істерңіз – нағыз ерлік, адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын үлгісі.
Адам өміріне араша болғандарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз!

«Қан донорлығының болашақ елшілері»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33