Құрметті донорымыз әрі дәрігеріміз Қайрақбаева Гаухар Қапбасқызына туған күнімен шын жүректен құттықтауымызды білдіреміз!

Гаухар Қапбасқызы өз ісінің нағыз кәсіби маманы әрі жүрегі кең жан.
Ол күн сайын донорларды қабылдап, оларға ерекше камқорлық пен ілтипат танытып, сенім мен
тыныштыққа
толы орта
қалыптастырады.
Ең бастысы – Гаухар Қапбасқызы өзі де қан доноры болып табылады. Ол өз ісімен өзгелерге үлгі
көрсетіп, қан компоненттері өмір үшін аса қажет науқастарға нақты көмек көрсетіп келеді.
Сіздің еңбегіңіз
қос қырлы: дәрігер ретінде де, донор ретінде де.
Бұл шынайы құрмет пен зор алғыс тудырады.
Сізге мықты денсаулық, амандық, кәсіби табыс пен сарқылмас күш қуат тілейміз.
Өміріңізде жарқын сәттер жылулық пен қуаныш мол болсын ал жаныңызда еңбегіңізді бағалайтын
жандар әрдайым табыла берсін.
Туған
күніңізбен,
Гаухар
Қапбасқызы!
Жүрегіңіздің кеңдігі мен адамға деген адалдығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

