Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары мен сүйікті Өскемен қаласының қонақтары!

Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары мен сүйікті Өскемен қаласының қонақтары!

Қазақстанда 2026 жылдың ақпан айы ерікті әрі өтеусіз қан донорлығы айы болып жарияланғанын сіздерге бұған дейін хабарлаған едік. Осы бастаманы қолдау аясында Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы серіктесіміз «Terry Coffee» кофейнясымен бірге донорларға арналған дәмді де игі акцияны бастайды.

9–27 ақпан аралығында (қоса алғанда) біздің Қан орталығында қан немесе оның компоненттерін тапсырған әрбір донор «Terry Coffee» желісіндегі хош иісті кофе мен барлық дәмді тағамдарға 40% жеңілдік сертификатын алады.

Қан донорлығы – адам өмірін сақтап қалуға қосылған баға жетпес үлес. Бұл – жүрегі кең, мейірімді әрі бейжай қарамайтын жандардың таңдауы.

Біз сіздерге алғысымызды тек сөзбен ғана емес, қысқы күндері көңіл көтеріп, бойды жылытатын жағымды әрі жылы сыйлықпен білдіргіміз келеді.
Біреудің өмірін сақтай отырып, сіз қамқорлыққа, ілтипатқа және бір шыны керемет кофеға әбден лайықсыз.

Қан тапсыруға келіңіздер – жақсылықты қуанышпен жасаңыздар!

ДОНОРЛАР, СІЗДЕР – БІЗДІҢ БАТЫРЛАРЫМЫЗ!
Бар болғандарыңызға мың алғыс!

Шын жүректен біздің тұрақты донорымыз Бейсенбина Зарина Нұрланқызын туған күнімен құттықтаймыз!Қан хилезі және оның себептері

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33