Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары! Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы 26 жылғы 21-22 сәуір күндері гемопоэздік дің жасушалар (ГДЖ) донорлары қатарына қосылуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырады

Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары! Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы 26 жылғы 21-22 сәуір күндері гемопоэздік дің жасушалар (ГДЖ) донорлары қатарына қосылуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырады

Бұл игі қадам ауыр қан ауруларымен күресіп жатқан науқастарға өмір сыйлауға мүмкіндік береді.
Неліктен бұл маңызды? Көптеген науқастар үшін сауығудың жалғыз мүмкіндігі
дің жасушаларды трансплантациялау. Донорлар тізілімінде адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым үйлесімді донор табу ықтималдығы жоғары болып, біреудің өмірін
құтқару мүмкіндігі артады.
Кім донор бола алады?
-Жасы 18-45 аралығында
-Денсаулығы жақсы
-Қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын азаматтар
ГДЖ донорларының тізіліміне кіру үшін сауалнаманы толтырып, зертханалық
зерттеу үшін қан үлгісін тапсыру қажет (9 мл = 1 пробирка).
Сіздерді 2026 жылғы 21-22 сәуір күндері сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін қан
орталығында күтеміз. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11. №17,
26, 43а, 46, 260 автобустарымен жетуге болады. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды
куәландыратын құжат болуы қажет!
Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, тізілімдегі әрбір жаңа донор – жүздеген
адамға үміт сыйлайтын мүмкіндік екенін ұмытпайық. Бізге қосылып, өз
құтқарушысын күтіп жүрген жандар үшін батыр болыңыздар!

15 сәуір күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында мекеме ұжымы мен келушілеріне арналған қан донорлығына байланысты дәріс өтті«Бізге жиі донорлар: неге жұмыс берушілер қан тапсырғаннан кейін демалыс күндерін беруден бас тартады, егер заң бойынша олар беруге тиіс болса?» деген сұрақпен жүгінеді.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33