Құрметті қан және оның компоненттерінің донорлары!

Құрметті қан және оның компоненттерінің донорлары!

Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз және көмек қолын созуға
әрдайым дайын екендіктеріңіз үшін әрқайсыңызға шын жүректен алғысымызды
білдіреміз. Әрбір донорлық – адам өмірін сақтап қалуға қосылған баға жетпес үлес,
науқастар үшін – үміт, ал олардың жақындары үшін ең қиын сәттерде көрсетілген
зор қолдау.
Бүгін біз: дәрігерлер мен донорлардың бірлескен күш-жігерінің арқасында
тағы бір адамның өмірі құтқарылғанын қуанышпен айта аламыз. Медицина
қызметкерлерінің кәсібилігі, заманауи емдеу әдістері және сіздердің дер кезінде
көрсеткен көмектеріңіздің нәтижесінде нағыз ғажайып орын алып, пациент емін
сәтті аяқтап, ауруханадан шығарылды.
Барлық қан донорларының атынан «Өскемен қаласының №4 қалалық
ауруханасы» ШЖҚ КМК-да ем қабылдаған пациенттің әпкесінен жүрекжарды алғыс
сөздері келіп түсті:
Осындай оқиғалар қан донорлығының жай ғана игі дәстүр емес екенін тағы
бір мәрте дәлелдейді. Бұл – аман алып қалған нақты өмір, бақытты отбасылар және
адамға болашақ сыйлау мүмкіндігі.
Әрбір донорға өмір атты баға жетпес сыйы үшін алғыс айтамыз.

Корпоративтік донорлықты дамыту аясында 30 маусымда ForteBank қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына келіп, қан құюға мұқтаж науқастар үшін ерікті түрде қан тапсыру түріндегі игі миссияға қатысты. Әрбір донорлық – біреудің өмірін құтқаруға нақты мүмкіндікДОНОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33