Құтқару миссиясының қаһармандары!

Құтқару миссиясының қаһармандары!

2023 жылдың 03-інші шілдесінде ҚР Қорғаныс Министрлігінің “Әскери-техникалық мектебі” РМҚК Өскемен қаласындағы филиалының қызметкерлері мен әскери қызметшілері науқастарға көмектесу үшін қан тапсырды.

“Көптеген адамдар қан тапсыру туралы бірнеше рет естіген, алайда бұл әрқайсымызға қол жетімді материалдық көмектің жалғыз түрі деп ойламаған шығар. Бұл қажетті игі іс, ол адамда өзінің жылуының бір бөлігін, өмірінің бір бөлігін басқа адамдарға беру қабілетін ашады. Бұл туралы біле отырып, біз көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге бел будық!” – деп атап өтті әскери қызметшілер.

Айта кету керек, ҚР Қорғаныс Министрлігінің “Әскери-техникалық мектебі” РМҚК Өскемен қаласындағы филиалының оқу орны базасында жылына 4 ретке дейін осындай донорлық күндерді тұрақты негізде ұйымдастырады. ШҚО-да өтеусіз донорлықты қолдағаны үшін ҚР Қорғаныс Министрлігінің “Әскери-техникалық мектебі” РМҚК Өскемен қаласындағы филиалы запасының басшысы, полковник Жанболат Құмарбекұлы Молдағалиевке ерекше алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты донорлар таза ниетпен адам өмірін сақтап қалу үшін жасап жатқан игі істеріңізге рахмет. Сіздердің үлестеріңіз баға жетпес! Күнделікті өмірдің күйбен тіршілігіне қарамастан, уақыт тауып қанға мұқтаж науқастар үшін қан тапсырғандарыңыз үшін, Сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Авторы. Мустафина М. А.

Жасөспірім және есірткіҮздіксіз оқыту – кәсібиліктің кепілі!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33