Үміт күні – Донор күні

Үміт күні – Донор күні

Бүгін, 4 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық
орталығында донорлық күн өтті.
Донор күні – бұл жай күнтізбедегі күн ғана емес. Бұл бейтаныс адамдар бір-
бірін құтқаратын үміт күні. Донорлық қан – күрделі операциялардан кейін, ауыр
жарақаттар мен қатаң аурулардан кейін пациенттерге өмір сыйлайтын мүмкіндік. Бұл біреуге тағы бір таңды көріп, өмірді жалғастыру мүмкіндігі.
Әрбір донация- ерекше көмекке мұқтаж адамдарға нақты көмек көрсету болып табылады.
Бұл күні орталықтың медицина қызметкерлері ғана емес, қаламыздың
қайырымды тұрғындары да қан тапсырды. Біздің әріптестерімізге белсенді азаматтық
ұстанымы, жауапкершілігі және көмек көрсетуге бірінші болып келгендері үшін шын
жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің өнегелеріңіз жігер береді, әрі адамдарды
біріктіреді. Донорлық – қарапайым болғанымен, мәні өте үлкен қадам. Осындай
қадамдар талай жанның өмірін құтқарады.

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында ұжымның нәзік жандыларын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға арналған жылы әрі әсерлі шара өттіАяулы да ардақты ханымдар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33