Әр адамның генетикалық егіздері бар
Сүйек кемігі-гемопоэзді (қантүзілім) жүзеге асыратын адамның гемопоэз жүйесінің маңызды органы, яғни өлетін және жойылатындардың орнына жаңа қан жасушаларын құру үдерісі. Өз консистенциясы бойынша ол қанға ұқсас, негізінен жамбас сүйектерінің, қабырғалардың, төс сүйектерінің ішінде болады. Оның массасы дене салмағының 3-6% құрайды.
Көптеген онкологиялық, гематологиялық немесе басқа да ауыр аурулары бар науқастар үшін сүйек кемігін немесе дің жасушаларын трансплантациялау көбінесе қалпына келтірудің соңғы мүмкіндігі болып қала береді. Үйлесімділік факторы өте төмен. Трансплантацияға мұқтаж реципиент үшін үйлесімділік генотипі сәйкес келуі және табылуы мүмкін 10000-нан бір ғана мүмкіндік бар деп саналады. Олар оны сүйек кемігі донорларының нақты тізілімінен табады.
Қазақстанда гемопоэтикалық дің жасушалар донорларының ұлттық тіркелімі (бұдан әрі – ГДЖ) бар, алайда оның шектелуі генотиптің сирек кездесетін сәйкестігі факторымен бірге науқасқа көмек әрдайым көрсетіле бермейтініне, яғни донорды іздеу оң нәтиже бермейтініне әкеп соғады. Ал ГДЖ донорларының еуропалық деректер банкінен іздеу Қазақстандағы іздеу мен операция құнынан асатын тым жоғары құнға жұмсалады. Сондықтан, қазір қоғам мен мемлекет алдында тұрған ең маңызды міндет-сүйек кемігін трансплантациялауды қажет ететін науқастардың ӨМІР СҮРУ МҮМКІНДІГІ болуы үшін сүйек кемігі донорларының ұлттық тізілімін жаңа донорлармен толықтыру!
ГДЖ донорларының қатарын жаңа әлеуетті донорлармен толықтыру мақсатында 2024 жылғы 06 және 07 тамыз күндері «Генетикалық егізіңнің өмірін құтқар!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Бұл акцияның мақсаты-шығысқазақстандықтарды ГДЖ донорларының қатарына қосу, сол арқылы ГДЖ донорларының ұлттық тіркелімін жаңа әлеуетті өмірді құтқарушылармен толықтыру. Бұл күні ГДЖ донорларының қатарына ШҚО – ның 32 тұрғындары кірді! Олардың жасаған ерліктері, азаматтарымыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз! ГДЖ донорлар тізіліміне кірген донорлар бүгін қан орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Шығысқазақстандықтарға науқастарға көрсеткен көмегі үшін үлкен рахмет айтамыз!