Әскери қызметкерлер – өмір сыйлаушылар!

Әскери қызметкерлер – өмір сыйлаушылар!

Донор латын тілінен аударғанда «сыйлау» дегенді білдіреді. Донорлық – бұл әлеуметтік жауапкершілік пен белсенділіктің ғана емес, сонымен бірге теңдесі жоқ жанқиярлықтың, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі. Қан тапсырған сайын донор мүлде бейтаныс адамдар үшін ерлік жасайды, сол арқылы гуманизмнің, сезімталдық пен мейірімділіктің үлгісін көрсетеді!

Бүгін, 2023 жылғы 22 қарашада ШҚО ҚАЖД және ҚР ІІМ ҚАЖК №17 мекемесінің қызметкерлерінен кейін ҚР ІІМ ҚАЖК №73 және №24 мекемесінің қызметкерлері мен әскери қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек ретінде қан тапсырды. Әскери қызметкерлер ерікті, ақысыз донорлық шараларға жүйелі түрде қатысқанын айта кету керек.

Науқастардың өмірін сақтау олардың әрқайсысы үшін ерекше маңызды, өйткені, донорлық қазірдің өзінде үйреншікті іске айналды.

Өз кезегінде облыстық қан орталығының басшылығы барлық әскери қызметкерлерге тегін қан донорлығын дамыту мен насихаттауға белсенді үлес қосқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

Барлық донорларға түсіністік пен жауаптылық үшін алғыс айтамыз!

Біз еріктілерді іздейміз!Көшбасшымыз – біз үшін лайықты үлгі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33