Өмірді құтқарушылар

Өмірді құтқарушылар

Қан тапсыру-қанға мұқтаж адамның өмірін сақтап қалудың ең қауіпсіз және қарапайым әдістерінің бірі. Қан-бұл ағзадағы барлық жасушалардың тамақтануы мен метаболизмін қамтамасыз ететін сұйықтық.

Күн сайын мыңдаған адамдар жарақаттармен, күйіктермен және акушерлік

қан кетулермен ауруханаларға түседі. Олардың көпшілігі шұғыл отаны қажет етеді. Мұндай жағдайларда қан өте маңызды.

Қанды фабрикалардан немесе зауыттардан алуға болмайды. Қанның жалғыз және алмастырылмайтын көзі тек донор бола алады.

Донорлар – бұл өзгелердің өмірін өз еркімен және өтеусіз құтқаратын, науқасқа үміт отын сыйлайтын, денсаулығы мен қуанышын қайтаратын, қоғамға адамгершілік тазалықты, шынайы жанқиярлықты, жауапкершілік пен ризашылықты қосатын адамдар.

2023 жылдың 26 – ыншы қыркүйегінде ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті. Мұқтаж жандарға қан тапсыруға барлық бөлімшелердің медицина қызметкерлері мен қаламыздың жанашыр тұрғындары шақырылды.

Науқастардың өмріне бей – жәй қарамаған, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастар үшін қан тапсырғандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!

Авторы: Мустафина М.А.

CMЛ – бен күресДонорлық күнтізбе

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33