Өмірің қан қызметіне арнаған
Сергеева Елена Евгеньевна-«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты трансфу-зиолог-дәрігер. 1985 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді.
Елена Евгеньевна бүкіл өмірін біздің қан орталығымызға арнады, қан қызметіндегі жалпы жұмыс өтілі 29 жыл.
Қан орталығында жұмыс істеген уақытында Елена Евгеньевна стационарлық және көшпелі жағдайларда донорлардан қан алу әдістемесін игерді. Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша көшпелі жағдайларда қанды жаппай дайындауға белсенді қатысты.Оның белсенді қатысуымен реципиент үшін жиналған қан компонентінің жоғары сапасын, абсолютті стерильділігін,қауіпсіздігін, сондай-ақ донор үшін дайындау рәсімінің өзін қамтамасыз ететін Haemonetics pcs2, MCS, Trima (АҚШ) аппараттарын пайдалана отырып, плазма мен тромбоциттерді дайындау процестерін автоматтандыру енгізілді.Эритроциттерді haemonetics АСР-215 (АҚШ) аппараттарында алдын ала дайындай отырып, ультра төмен температурада (- 850С) ұзақ мерзімді сақтауға криоконсервілеу енгізілді, бұл қан компоненттерінің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде сақтау мерзімі 5 жылға дейінгі сирек қан топтары бар эритроциттердің қорларын құруға мүмкіндік береді.
Елена Евгеньевнажанашыр, адал ниетті, жауапты, шыншыл әрқашан көмекке келуге дайын тұрады. Оның адал еңбегі мен жоғары өндірістік көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының және Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының Құрмет грамоталарымен бірнеше рет атап өтілді, ал 2019 жылы ол ҚР денсаулық сақтау Министрінен грамота алды. Елена Евгеньевна «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ кәсіпорында 25 жылдан астам жұмыс істеген маман ретінде «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының «Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Елена Евгеньевна өз мамандығынмақтан тұтады: «Қан орталығында жұмыс істеу-менің өмірім. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, адамдарға көмектескенімді мақтан тұтамын. Мен бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені, жұмысыма қуана-қуана келуімнің өзі үлкен бақыт!».
Әр тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Күн сайын адамдарға қан құю қажет: операция, апат, босану кезінде адам көп қан жоғалтатын жағдай туындайды және мұндай жағдайда донорлық қанның атқаратын рөлі өте зор. Елена Евгеньевна сияқты мамандардың жұмысының арқасында күн сайын мыңдаған адамның өмірі құтқарылады.