«Өмір тамшысы» айдарының кейіпкерлері-Екимцевтар отбасы
Жақындарына көмек көрсететін адамдар – тек бір реттік игі іс емес, саналы таңдау жасайтын, олардың өмірінің бір бөлігі. Елена Анатольевна мен Андрей Леонидович Екимцевтер отбасы дәл осындай кейіпкерлер. Көптеген жылдар бойы ең құнды – басқалардың өмірін сақтап қалу үшін қанымен бөліскен ерлі-зайыптылар. Елена Анатольевна мен Андрей Леонидовичтің есебінде 30-дан астам ақысыз донация бар. Бұл дегеніміз, 180-нен астам адам сауығып, үміт пен өмір сүруге мүмкіндік алды. Елена Анатольевна қан орталығында 20 жылдан астам жұмыс істейді, ол донор ғана емес, сонымен қатар күн сайын донорлық қанның қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды, қанды тестілеу бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Андрей Леонидович жұмысбастылығына қарамастан, игі істерге де уақыт табады. Құрметті Елена Анатольевна мен Андрей Леонидович, сіздердің жанқиярлықтарыңыз бен немқұрайлы қарамайтындықтарыңыз – баға жетпес. Мейірімді және қайырымды жүректеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздер нағыз батырсыздар және біздің жанымызда осындай адамдар бар екенін мақтан тұтамыз! Сіздерге отбасылық бақыт, үйлесімділік пен махаббат тілейміз!