Өмір тамшысы: Сыдыков Батырхан Сеитқанұлы
Донорлықты дәстүрге айналдырған адам – бүгін біздің айдарымызда. Сыдыков Батырхан Сеитқанұлы қан мен оның компоненттерін 24 реттен артық тапсырып, адамдарға үміт пен өмірді сыйлаған. Ол өзінің алғашқы 450 мл қанын 2007 жылы тапсырды-содан бері донорлық оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Әрбір осындай әрекет – бұл қиын жағдайға тап болған адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Дегенмен де, қан тамшысы-бұл өмірдің тамшысы! Батырхан Сеитқанұлы, мейірімді жүрегіңіз және адамдардың денсаулығына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз! Басқалардың донорлық қозғалысқа қосылуына сізден үлгі алып шабыттандырсын.