Өскемен ГЭС-да Донорлық күн

Өскемен ГЭС-да Донорлық күн

26 қарашада «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-де жылына екі рет ұйымдастырылатын, кәсіпорынның
қайырымды дәстүріне айналған Донорлық күн өткізілді.
Станция қызметкерлері қан және оның компоненттері доноры ретінде тағы бір жоғары азаматтық жауапкершілік пен мейірімділіктерін көрсетті. Әрқайсысы адам өмірін құтқаруға өз үлесін қосты.
Өскемен ГЭС ұжымына өтеусіз донорлықты тұрақты түрде қолдап келе жатқандарыңыз үшін,
сондай ақ көптеген жылдар бойы ең қымбат – өздеріңіздің бір бөліктеріңізбен бөлісіп, мұқтаж
жандарға үміт пен денсаулық сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

27.11.2025 ж. донорлық бағдаршамДонор болуға қарсы көрсетілімдер

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33