«Өскемен ГЭС» ЖШС ұжымының донорлық күні
Кәсіпорын қызметкерлері қан компоненттерін құю өмірлік маңызды болып табылатын науқастарға көмек көрсету үшін қан тапсырды. Осындай әрбір донорлық
үлес – сауығуға мүмкіндік, құтқарылған өмірлер және бүгін ерекше қолдауға мұқтаж
жандарға көрсетілген көмек.
Донорлық-бұл жоғары азаматтық жауапкершілік пен шынайы адамгершіліктің
көрінісі. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, энергетиктер маңызды және қайырымды
іс жасауға уақыт бөлді.
Белсенді өмірлік ұстанымы, жанашырлығы және бейжай қарамайтын көзқарасы
үшін «Өскемен ГЭС» ЖШС ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер
адамдарға сыйлаған жақсылық энергиясы өздеріңізге еселеп қайтсын!

