🩸Құрметті шығысқазақстандықтар!🩸
2024 жылғы 30 қаңтарда “Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы” ШЖҚ КМК-да Донор күні өтеді. Ұйым Абай даңғылы, 18 мекен-жайында орналасқан.
Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.30-ға дейін, 1қабатта
Қан тапсырғаннан кейін донорларға екі күндік демалысқа анықтама, 1000 тг және гематоген беріледі.
Өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын сүйікті қаламыздың және облыстың барлық тұрғындарын ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылуға шақырамыз
Бұл күні салмағы кемінде 50 кг болатын, 18 жастан асқан барлық адамдар қан тапсыра алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!