1 Наурыз – Алғыс айту күні!

1 Наурыз – Алғыс айту күні!

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы 1 наурыз – Алғыс айту күнін атап өтті.

Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні.

Бұл күні орталық қабырғасында акция өтті, акцияның негізі мақсаты қаланың, облыстың және Қазақстан Республикасының әрбір тұрғынына алғыс білдіру болды.

Акцияны қолдауға Өскемен қаласының ең белсенді тұрғындары келді. Бүгінгі күн донорларымыздың науқастарға көмектесу үшін орталыққа баратын әдеттегі күн сияқты көрінеді, алайда бүгін ол ерекше болды.

Бүгінгі күн ризашылыққа толы күн болды. Әр адам басқалардан көретін мейірімділікті барлық сезімдерің, эмоцияларың және алғыс сөздерің жазып қалдырған арнайы қойылған баннерден көріп, сезіне алды.

Күнделікті қарбаласта біз алғыс айтуға уақыт таба бермейміз, бірақ осындай керемет Алғыс айту күнінде бір – бірімізге алғыс айтып, ризашылығымызды білдіруге мүмкіндік туды!

Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт – санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы барлық келушілерге, донорлар мен қызметкерлерге үлкен рахмет айтады!

Авторы: Мустафина М. А. @mira_akilbekovna

#Қанорталығы #Алғысайтукүні

Хабарландыру №601 наурыз – Алғыс айту күніне орай қан орталығына «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» қызметкерлері қан тапсыру үшін келді.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33