1 Наурыз-Алғыс Айту Күні!

1 Наурыз-Алғыс Айту Күні!

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы 1 наурыз-Алғыс айту күнін атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл күн патриотизмнің, достықтың, мәдени әртүрліліктің, барлық этностардың бір-біріне және өз жерінде мейірімділік танытқан және әртүрлі ұлттарды туған жері ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс айтудың Ұлы күні болуға арналған.

Бұл күні орталықтың қабырғасында  қаланың, облыстың және Қазақстан Республикасының әрбір тұрғынына алғыс білдіру мақсатында «Рахмет саған –  донор!» атты донорлық акция өтті.

Акцияны қолдауға Өскемен қаласының ең белсенді тұрғындары  келді. Бұл күн әдеттегі күннен ерекше болды. Орталықтың іші мүлде басқа атмосфераға  толы.  Күнделікті күйбен тіршілікпен, тынымсыз қарбаластан бір – біріне алғыс айтуға уақыт таппайтын жандар, дәл осы күні бір – біріне ізгі тілектерін арнап, шын жүректен алғыс білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы барлық келушілерге, донорлар мен қызметкерлерге зор алғысын білдіреді!

 

«Ұмытылмас экскурсия!»Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33