1 қазан-Халықаралық қарттар күні
Құрметті біздің дана, құрметті қарттарымыз! Бүгінгі біздің шынайы жүректегі
құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Сіздер- дәстүрді сақтаушы, даналық пен өмірлік тәжірибенің қайнар көздерісіздер. Сіздердің арқаларыңызда біз қарапайым
қуаныштарды бағалауды, еңбекті құрметтеуді және өмірді сүюді үйренеміз. Сіздердің
қамқорлықтарыңыз, жақсы кеңестеріңіз және мейірімді жүректеріңіз – бұл отбасылар мен қоғамды сақтайтын тірек.
Сіздерге ұзақ ғұмыр, шат – шадыман өмір, әр күндеріңіз бақытқа, әр
қадамдарыңыз жақсылыққа толы болып, жақындарыңыздың ыстық ықыласына және қамқорлығына бөленіп жүре беріңіздер. Әр жаңа күн қуаныш әкелсін, әрқашан
туыстарыңыз бен достарыңыздың сүйіспеншілігі мен назарында бола беріңіздер.
Шексіз құрметпен және ризашылықпен – Сіздерді қарттар күнімен
құттықтаймыз!

