12-13 қыркүйек күндері  XII ғылыми-практикалық конференция халықаралық  қатысумен Алматы қаласында «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында орасан зор іс-шара өтті – Қазақстан Республикасының қан қызметі өзінің 90 жылдығын атап өтті!

12-13 қыркүйек күндері  XII ғылыми-практикалық конференция халықаралық  қатысумен Алматы қаласында «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында орасан зор іс-шара өтті – Қазақстан Республикасының қан қызметі өзінің 90 жылдығын атап өтті!

12-13 қыркүйек күндері  XII ғылыми-практикалық конференция халықаралық  қатысумен Алматы қаласында «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында орасан зор іс-шара өтті – Қазақстан Республикасының қан қызметі өзінің 90 жылдығын атап өтті! Конференцияның пленарлық отырысын ҚР денсаулық сақтау Министрі Ақмарал Әлназарова ашып, осы саланың қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық конференцияға өндірістік және клиникалық трансфузиология саласындағы мамандар, Қазақстанның мемлекеттік және үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, трансфузиялық медицина саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты. Қан қызметін дамытудың 90 жылдағы басты тарихи кезеңдері туралы Республикалық қан орталығының директоры Д. Бекиров айтып берді.

Қазақстанның қан қызметінің қазіргі кезеңдегі жетістіктерін Қазақстанның трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы С. Әбдірахманова таныстырды. Жұмыстың басым бағыттарының ішінде С. Әбдірахманова қан мен сүйек кемігі донорлығының жүйелі дамуын, жаңа тұрақты донорларды тартуды және елдегі өтеусіз донациялардың жүз пайыздық көрсеткішіне қол жеткізуді атап өтті.

Конференцияның 2 күндік бағдарламасында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания, БАӘ, Сауд Арабиясы, Чехия, Германия, Италия Литва, Тәжікстан, Қырғызстан, Австрия, Ұлыбритания спикерлері баяндама жасады. ШҚО-да қан компоненттерін есептен шығару көрсеткіштерін төмендету тәжірибесімен облыстық қан орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Т. Войнова өз баяндамасында бөлісті.

Конференцияның пленарлық отырысының талқылауы бүкіл әлемде, атап айтқанда Қазақстанда қан қызметі алдында тұрған негізгі аспектілер мен сын-қатерлерге, сондай-ақ трансфузиялық терапияны жақсарту және оны медицинаның басқа салаларымен интеграциялау жолдарын іздеуге бағытталған.

Протокол итогов №7 – ИОИАлматы қаласының Республикалық қан орталығында өткен Қазақстан Республикасы қан қызметінің 90 жылдық мерейтойына орай оның көптеген өкілдері (қан орталықтарының мамандары, ардагерлер) жоғары кәсібилігі, адал еңбегі, іске адалдығы және қан донорлығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болды

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33