14 сәуірде «Жаңа адамдар» жастар еріктілер қозғалысы кампусында алғаш рет донорлар күні өтті

14 сәуірде «Жаңа адамдар» жастар еріктілер қозғалысы кампусында алғаш рет донорлар күні өтті

Бұл күн ерекше күнге айналды: кампус аумағында студент-еріктілер мен
бейжай қарамайтын қала тұрғындары жиналып, өзге адамдардың өмірін сақтап қалу
үшін ең қымбат сыйын – өз қанын беруге дайын болды. Қатысушылардың көпшілігі үшін бұл донорлықтың алғашқы тәжірибесі болса да, олардың барлығын біріктірген
ортақ сезім – көмек көрсетуге деген шынайы ықылас пен ізгі іске үлес қосу ниеті болды.
Іс-шараның атмосферасы қолдау, қамқорлық және әрбір донордың
маңыздылығын түсінумен ерекшеленді. Осындай бастамалардың арқасында өтеусіз
донорлық мәдениеті қалыптасып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығы
үшін жауапкершілік сезімі нығаяды.
Осы акцияға қатысқан баршаңызға алғыс білдіреміз. Сіздердің жасаған іс-
әрекеттеріңіз – көмекке мұқтаж жандар үшін өмір сүруге берілген мүмкіндік.
Жақсылық істері кішкентай қадамнан басталып, дәл сіздер сияқты адамдардың
арқасында жалғасын табады.

13 сәуір күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттері үшін қан донорлығы тақырыбында лекция өтті15 сәуір күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында мекеме ұжымы мен келушілеріне арналған қан донорлығына байланысты дәріс өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33