18 желтоқсанда ШҚО Онкология және хирургия орталығында донор күні өтті – бұл ерекше бірлік, қолдау және шынайы жанашырлықтың күні болды

18 желтоқсанда ШҚО Онкология және хирургия орталығында донор күні өтті – бұл ерекше бірлік, қолдау және шынайы жанашырлықтың күні болды

Бүгін қан донорларының қатарында онколог-дәрігерлер мен химиотерапевтер болды – донорлық қанның шынайы құндылығын ешкім олардай терең түсінбейді.
Олар күн сайын науқастарды күрделі ем жолында бірге қолдап, қан компоненттерін құюдың қаншалықты өмірлік маңызы бар екенін жақсы біледі.Олардың донорлық күнге қатысуы -бұл жай ғана кәсіби қадам емес, қамқорлық пен жанашырлыққа толы терең адами іс. Бұл игі бастамаға қаламыздың жүрегі кең, бейжай қарамайтын тұрғындары да қосылды.
Бірлесе отырып, олар ортақ іске – адам өмірін сақтауға және бүгінгі таңда ерекше қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге өз үлестерін қосты. Әрбір донорға саналы таңдауы, мейірімділігі және ең қымбаттысымен бөлісуге дайын болғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай күндер бізге бірлікте біз көбірек іс тындыра алатынымызды, ал қанның әрбір тамшысы – біреудің өмірге деген үміті екенін еске салсын.
Цк Мира менеджер: Әлеуметтік желілер мен донорлық: қолдау білдіру (лайк) өмірге айналғандаБала 18 жасқа толған соң сақтандырыла ма?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33