2015 жылғы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығының директоры Жигитаев Хайрулла Тукановичтің бұйрығымен «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері» (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) ведомстволық төсбелгісі құрылды.

Бұл белгі өзінің кәсіби өмірін ШҚ ОҚО қан қызметіне арнаған қызметкерлердің
еңбегін терең құрметтеу мен мойындаудың символы болып табылады. Төсбелгі
кәсіпорын қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны,
жоғары кәсіби шеберлігі және ШҚО ОҚО-да кемінде 25 жыл бойғы адал еңбегі үшін беріледі. Марапаттау Құрмет грамотасымен, сондай-ақ біржолғы ақшалай
көтермелеумен қоса беріледі.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының 32 қызметкері “ШҚ
ОҚО құрметті қызметкері”төсбелгісімен марапатталды. Әр марапат үшін-
жанқиярлық еңбек, жауапкершілік және өз ісіне берілгендік жылдары. Бұл үлкен
жүрегі бар адамдар, олар үшін пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтау нағыз
кәсіпке айналды.
Біз әріптестерімізді шын жүректен мақтан тұтамыз және Шығыс Қазақстан
облысының қан қызметін дамытуға өзінің көп жылдық еңбегімен баға жетпес үлес қосқан әрбір адамға терең алғысымызды білдіреміз.
Биыл марапатталған қызметкерлердің саны тағы үш адамға артты. Бұл туралы
келесі жазбаларымызда толық хабарлаймыз.

