2025 жылғы 28 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында (ШҚ ОҚО) трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті. Гибридті форматта ұйымдастырылған іс-шараға өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология мамандары қатысты.
Қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қан қызметі бойынша есеп беріп, саланың негізгі проблемалық мәселелерін атап өтті.
ШҚ ОҚО қызметкерлері трансфузиолог-дәрігер Дархан Умырзаков пен қан сынау бөлімінің меңгерушісі Елена Екимцева тромбоциттерді жеке іріктеу бойынша облыстық қан орталығының тәжірибесімен бөлісіп, трансфузияға дейінгі сынақтар кезеңінде үйлесімсіздік анықталған кезде медициналық ұйымдардың ШҚ ОҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы баяндады.
Қатысушыларды эпотерапияны қолдану бойынша заманауи ғылыми деректержәне практикалық ұсыныстармен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Солтүстік Осетия мемлекеттік медицина академиясының анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, РСО – Алания Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы Владимир Слепушкин таныстырды.
Ауруханалармен байланыс комитетінің қызметкері Александр Титов өз сөзінде баламалы емдеу әдістерін ұстанатын пациенттермен жұмыс істеу ерекшеліктерін атап өтті. Баяндамада ол осындай пациенттермен қарым-қатынас жасау кезінде кәсіби және құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция соңында қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина облыс стационарларында трансфузиялық көмек саласында жоғары нәтиже көрсеткен мамандарды атап өтті. ШҚО қан қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК трансфузиолог-дәрігері Н.Р. Журавлева және «Самар ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК медбикесі М.В. Полякова құрмет грамоталарымен марапатталды.
Конференция қатысушылары мазмұнды және ақпаратқа бай баяндамалар үшін алғыстарын білдіріп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

