2025 жылғы 3 желтоқсанда Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына қан донорлығы туралы ақпараттық әрі маңызды дәріс өткізілді.
Қан орталығының мамандары оқушыларға донорлықтың не үшін өмірлік маңызды екенін, қан тапсыруға қатысты қандай мифтер барын және донор қаны қандай жағдайларда адамдардың өмірін құтқаратынын түсіндірді.
Оқушылар донорлыққа дайындалу ережелерімен, қанның түрлері мен компоненттерімен, сондай-ақ кім донор бола алатынымен танысты. Ерекше назар ерікті әрі өтеусіз донорлықтың азаматтық жауапкершілік пен адамгершіліктің маңызды көрінісі екеніне аударылды.
Біз мектептің педагогикалық ұжымына жастарға маңызды ақпаратты жеткізуге деген қызығушылығы мен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі тыңдаушылардың көпшілігі болашақта донорлық қозғалысқа қосылып, өмірді құтқаруға өз үлесін қосады деп сенеміз.





