2026 жылғы 20 мамырда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК өнімді беру тобы бөлімінің менгерушісі Шакшанова Альмира Муратовна «ALTAI» телеарнасындағы «Алтай таңы» бағдарламасына қатысып, қан және оның компоненттері донорлығының маңыздылығы жөнінде ақпарат берді.

Бағдарлама барысында маңызды мәселелер қозғалды: қан қорын тұрақты түрде толықтырып
отырудың қажеттілігі, донорлықтың қауіпсіздігі, сондай-ақ әрбір донордың адам өмірін құтқарудағы рөлі. Себебі дәл донорлық қан күн сайын ауыр операциялардан кейінгі, онкологиялық
аурулары бар, жарақат алған және басқа да өмірлік маңызды жағдайдағы пациенттерге көмек
көрсетеді.
Донорлық – адамгершіліктің, мейірімділіктің және қоғам алдындағы жауапкершіліктің
көрінісі. Өңір тұрғындарының назарын осы игі іске аударуда донорлық тақырыбының бұқаралық
ақпарат құралдарында жиі көтерілуі өте маңызды.
«ALTАІ» телеарнасына донорлықтың маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік бергені үшін
алғысымызды білдіреміз және барша ниеттес тұрғындарды қан доноры болуға шақырамыз. Сіздің
қаныңыз бір адамның өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін.

Тіс дәрігеріне барғаннан кейінгі донорлық

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33