Халықты ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдарға үйрету
Біздің әрқайсымыз өмірімізде төтенше жағдайларға (бұдан әрі – ТЖ) тап болуымыз мүмкін. Тек денсаулық қана емес, көбінесе адамның өмірі дұрыс әрекет ете білудің жылдамдығына байланысты.
Халықты ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдарға үйрету – бұл тиісті органдар мен ұйымдардың маңызды міндеті болып табылады.
2022 жылдың 6 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында АҚ және ТЖ жөніндегі маман Шакерова Бейбітгүл Төлегенқызымен «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттері», «АҚ хабарлау дабылдары» тақырыптарында ТЖ кезінде адам өзін қалай ұстау керектігін еске салу мақсатында оқыту өткізілді.
МАҢЫЗДЫ! Қауіпті жағдай туындаған кезде әрқашан ең қажетті заттар, құжаттар салынған сөмке дайын тұруы керек. Әсіресе қауіпті аймақта тұратын тұрғындар төтенше жағдайға дайын болу керек.
Сондай – ақ сирена дыбысталған кезде радио немесе теледидарды қосып, құтқару қызметтерінің нұсқауларын тыңдау қажет. Оқиғаның сипатына қарамастан, табиғи немесе техногендік апат кезіндегі халықтың іс-әрекеті мұқият ойластырылуы қажет.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!