5 маусым күні, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС-де қан донорлығы тақырыбында кездесу-дәріс өтті
Кәсіпорын қызметкерлері алдында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, Өскемен қалалық «Қазақстанның болашағы үшін» жастар бірлестігінің еріктілер -үйлестірушісі Мира Мустафина, сондай-ақ ерікті, «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 11-сынып түлегі Боровиков Виктор Алексеевич сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушыларға қан донорлығының ең маңызды қырлары, оның адам өмірін құтқарудағы зор маңызы, сондай-ақ қан тапсырудың донордың өз денсаулығына тигізетін пайдасы туралы айтылды. Кәсіпорын қызметкерлері тұрақты түрде қан тапсырудың ағзаны жаңартуға ықпал ететінін, жалпы көңіл-күй мен әл-ауқатты жақсартатынын, сергектік пен күш-қуат беретіні туралы ақпарат алды.
Донацияға дайындық мәселесіне, соның ішінде «донорлық диетаны» сақтау талаптарына ерекше көңіл бөлінді. Бұл тақырыптың өзектілігі арта түсуде, себебі алдағы күндері кәсіпорында алғаш рет Донор күні өткізу жоспарланып отыр. Мұндай кездесулер өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді және әрқайсымызға бір ғана донацияның адамның өмір сүруіне мүмкіндік сыйлай алатынын еске салады.
«Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС-нің басшылығы мен ұжымына донорлық қозғалысқа деген қызығушылықтары және осындай игі істің бір бөлігі болуға дайындықтары үшін алғыс білдіреміз!





