Хабар таратудың 65 жылдығы игі іспен атап өтілді

Хабар таратудың 65 жылдығы игі іспен атап өтілді

«ALTAI» телеарнасы – Шығыс Қазақстан облысы аумағының 96%-на цифрлық форматта, ал «OTAU TV» желісі арқылы – тәулігіне 14 сағат ішінде Қазақстанның барлық аумағына және көрші елдердің шекаралас өңірлеріне хабар таратады. Facebook, YouTube, Instagram әлеуметтік желілеріндегі телеарна беттеріндегі ақпаратты мыңдаған пайдаланушылар бақылайды.

1958 жылдың 16 наурызында алғашқы хабар көрерменге жол тартты. Сол күні телеарнаның эфирінде «Жеңіс салюті» бағдарламасы өтті. Бұл қазақ телевизиясы тарихында Алматы студиясынан кейін құрылған алғашқы телеарна болып саналады. Қызметке ерекше ынта қойып, ыстық ықылас пен құлшына қызу кіріскен ұжым бірлігінің арқасында 1959 жылдан бастап аймақта кино өндірісі қалыптаса бастады. 1968 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен мен аудандардың басым бөлігі Орталық телеарнаның бағдарламаларын қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Бүгін, 2023 жылдың 05 сәуірінде, 65 жылдығы қарсаңында, «ALTAI» телеарнасы ШҚО филиалының директоры Нұртас Солтанұлы Көшеров бастаған редакторлар, журналистер, телеоператорлар, маркетолог-талдаушылар және телеарнаның басқа да қызметкерлері таңертеңнен бастап қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін қан тапсырды.

«ALTAI» телеарнасының барлық ұжымына «Қан донорлығы» атты игі істі қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Телеарнаның барлық жігерлі және кәсіби ұжымын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! 65 жыл бұрын телеарна хабар таратуды жаңалықтар шығарылымынан бастады. Ал бүгінде «ALTAI» телеарнасы сапасы мен ауқымы бойынша әлемдегі ең үздік ақпараттық телеарналар деңгейіне сәйкес келеді. Қазіргі таңда біздің өңірдегі тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз ақпараттық арна.

Сіздердің авторлық бағдарламаларыңызды, еліміздің шиеленіс нүктелерінен бірегей репортаждарыңызды, ғылым мен ғылыми жетістіктер және басқа да тақырыптар туралы репортаждарыңызды өте жоғары бағалаймыз. Біз сіздермен ынтымақтастықта бірігіп игілікті іс атқарғанымызға шын жүректен қуаныштымыз!
Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!Біз жалғыз емеспіз! Біз біргеміз! Біздің күшіміз бірлікте!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33