8 сәуірде «KEGOC Шығыс ЖЭТ» АҚ-да Донор күні өтті – бұл қызметкерлерді игі мақсат үшін біріктірген маңызды іс-шара болды
«KEGOC» АҚ – Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы,
электр желілерінің сенімді жұмысын және елдің тұрақты энергиямен жабдықталуын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, компания әлеуметтік жауапкершілік пен корпоративтік
мәдениетке үлкен мән береді.
Көптеген жылдар бойы КEGOC компаниясы қан донорлығын белсенді қолдап келеді. Ең
маңыздысы, бұл бастаманы компания басшылығы да тұрақты түрде қолдап, өз үлгісін көрсетіп,
қызметкерлермен бірге қан тапсыруға қатысады.
«Шығыс ЖЭТ» ұжымы дәстүрлі түрде мұндай акцияларға қатысып, бірлігін, жауапкершілігін
және басқаларға көмек көрсетуге дайын екенін көрсетеді. Донорлық-бұл өмірді сақтап қалудың
және әлемді сәл жақсартудың нақты мүмкіндігі.
Барлық қатысушыларға бей-жай қарамайтындықтарына, жауапкершіліктері мен мейірімді
жүректері үшін алғыс айтамыз!

