Қыркүйектің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні атап өтіледі, биыл бұл күн 21 қыркүйекке сәйкес келді.

Қыркүйектің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні атап өтіледі, биыл бұл күн 21 қыркүйекке сәйкес келді.

Бұл күндері гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау (бұдан әрі-ГДЖ) сәтті дамып келеді және сүйек кемігі дұрыс жұмыс істемейтін қанның қатерлі ауруларын емдеу үшін тағайындалады.

Мұндай науқастарды емдеу үшін үйлесімді сау донордан ГДЖ трансплантациясы қолданылуы мүмкін. Донордың гемопоэтикалық дің жасушалары пациенттің қантүзілімін, иммунитетін қалпына келтіріп, оның өмірін сақтай алады.

Сау жасушаларды трансплантациялау-мұндай науқастар үшін өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі.

2011 жылдан бастап Қазақстанда ГДЖ донорларының ұлттық тіркелімі құрыла бастады және Астана қаласының «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы»  ШЖҚ РМК (бұдан әрі-ТҒӨО) базасында жұмыс істейді.

Донорды табудың басты шарты-генетикалық үйлесімділік. Генетикалық сәйкестік мүмкіндігі 10 000 — нан 1-ге тең, сондықтан тізілімде адамдар неғұрлым көп болса, пациенттің үйлесімді донорын табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Әрбір сәйкестік-бұл ГДЖ трансплантациясын жасау мүмкіндігі. Әрбір трансплантация-бұл науқасқа жақын адамдарымен бірге болу үшін өмір мен бақыт сыйлау мүмкіндігі.

ҚР бойынша 2018 жылдан әдіс енгізілген сәттен бастап, 15 туысқан  емес трансплантация сәтті жүргізілді. Қазақстанда туыс емес донордан алғашқы ГДЖ трансплантациясы 2018 жылы жүргізілді.

Бүгінгі таңда ГДЖ Ұлттық донорлар тізілімінде 11 800-ге жуық әлеуетті донор бар, оның ішінде 864 адам Шығыс Қазақстан облысының азаматтары болып табылады.

Есіңізде болсын, әрқайсымыз ГДЖ трансплантациясын қажет ететін науқастарға  үміт  сыйлай  аламыз. ГДЖ донорларының  тізіліміне қосылыңыз және өзгенің  өмірін сақтап қалуға көмектесіңіз.

ГДЖ доноры болу-ізгіліктің жарқын көріністерінің бірі. Осы жақсы бастаманы бірге қолдайық.

Біз донорларды шақырамыз(RU) Интервью с первым донором гемопоэтических стволовых клеток (далее – ГСК) в Восточно-Казахстанской области, от которого состоялась не родственная трансплантация.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33