Қарттар күні-бұл қоғамның аға буынға деген құрметі, ризашылығы мен сүйіспеншілігі
Қарттар күні-бұл қоғамның аға буынға деген құрметі, ризашылығы мен сүйіспеншілігі. Бұл мереке бәрімізге аға ұрпаққа біздің сүйіспеншілігіміз, қамқорлығымыз бен назарымыз қажет екенін тағы бір рет түсінуге мүмкіндік береді.
Қарттар күнін тойлау дәстүрі біздің қан орталығымызда да қалыптасқан. Бұл күні қан орталығының қызметкерлері өз ардагерлерін әдемі мерекелік дастарханның басына жинады. Қан орталығының директоры Шмурыгина Светлана Александровна ардагерлерді ұзақ жылғы адал еңбектері үшін, Шығыс Қазақстан облысының қан қызметін дамытуға қосқан үлестері үшін құттықтап, алғысын білдірді. Өз кезегінде ардагерлер қан орталығының көрсеткен ілтипаттылығына, жанашырлығына алғыстарын білдірді.
Осындай жылулыққа толы кездесуде ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, берілген тәжірибе, көрсеткен көмектері үшін әріптестерінен алғыс сөздерін естіді. Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Құрметті ардагерлер Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!